Павлодарда дыбыс студиясынан есірткі заттары табылды
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлер есірткі таратты деген күдікпен екі жігітті ұстады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда тұрғындары қашықтықтан заңсыз есірткі сатуға Павлодар қаласын таңдап, заңсыз интернет-дүкеннің мүддесі үшін тыйым салынған заттарды жеткізушілер болғаны анықталды.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы адам ұсталды. Рэпердің тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында каннабис бар байлам және ұялы телефон табылды.
– Иесі 27 жастағы ер адам болып табылатын студияны тінту кезінде жазбалар мен өсімдік тектес есірткі құралдары, тауарды буып-түюге арналған электронды таразы мен ноутбук табылды, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.