Ақсуда трансформатордағы өрт жедел сөндірілді
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер 12 метр биіктікте трансформатордың жанып жатқаны анықталды. Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Трансформатордан шыққан салқындатқыш майдың төгілуі салдарынан өрттің көрші өндірістік учаскелерге таралу қаупі туындады, - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге әуе-механикалық көбік және жақын орналасқан нысандарды қорғау мен салқындату үшін су оқпандары берілді. Мамандарың кәсібилігінің арқасында оттың өзге нысандарға таралуына жол берілмеді.
Құтқарушылардың күшімен өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Жұмыстар барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілді.
Айта кетелік, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.