Павлодарлықтарды «Жасыл weekend-ке» шақыруда

Павлодарлықтарды «Жасыл weekend-ке» шақыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акцияға қоршаған ортаның жай-күйіне бейжай қарамайтын барлық тұрғындар қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, әртүрлі форматтағы орындар физикалық және рухани сауықтыру, ересектер мен балаларға арналған ойын-сауық іс-шараларын, ластану және жануарлар құқығын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын көздейді.

Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін палау, бауырсақ және сусындар таратылады.

Сондай-ақ, қатысушылар экологиялық бағыттағы сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, фирмалық шопперлер, кружкалар, қаламдар мен дәптерлерді ұта алады.

Экологиялық акция 8 шілде күні сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін, сол жақтағы Усолка көпірі маңында өтеді.