Абаттандыру қағидаларын бұзған павлодарлық айыппұл арқалады

Абаттандыру қағидаларын бұзған павлодарлық айыппұл арқалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол лас суды рұқсат етілмеген жерге төккен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысында қоқысты заңсыз төгу және лас суларды рұқсатсыз ағызу фактілеріне бақылау күшейді. Бұл ретте құқық бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына хабарлайтын тұрғындардың рөлі зор.

Қоршаған ортаны ластаудың кезекті фактісі Павлодар қаласындағы Ворушин көшелерінің қиылысында тоқтатылды. Тәртіп сақшылары «қылмыс үстінде» ГАЗ маркалы ассенизатор көлігінің жүргізушісін ұстады. Ол лас суларды жерге төгіп жатқан. 

Ассенизатор жүргізушісі  белгіленбеген жерде лас су ағызғаны үшін яғни абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің дерегіне сүйенсек,  жыл басынан бері өңірде осындай құқық бұзушылықтар үшін 1368 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Қаланы тазарту және экологиялық нормаларды бұзушылардың жолын кесу жұмыстары күн сайын жалғасуда.