Абайлаңыз! Павлодарлықтарға терезелерге тор орнатуға кеңес беріледі

Абайлаңыз! Павлодарлықтарға терезелерге тор орнатуға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ТЖ департаменті тұрғындарды мұқият болуға және қайғылы жағдайларға тап болмау үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

– Жылы күндердің басталуымен көп қабатты үйлерді желдету үшін терезелер ашылады, бұл балаларға қауіп төндіруі мүмкін, – деп еске салады департаментте. 

ТЖД қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетпеуін болдырмау бойынша профилактикалық іс-шаралар шеңберінде білім беру мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, балабақшалар мен мектептерде тақырыптық сабақтар, жадынамалар мен плакаттар таратылуда.  

Мәселен, 2024 жылы облыс аумағында балалардың терезеден құлауының 13 жағдайы тіркелді, соның салдарынан екі бала қаза болды.

Негізгі себеп  – ересектердің бақылаусыздығы, сондай-ақ терезелердің ашық қалғандығы. Терезелердегі москит торлары балаға жалған қауіпсіздік сезімін тудырады.   

Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Сондай-ақ терезелерге торлар мен арнайы құлыптау құрылғыларын орнатуға кеңес береді.