Алименттен жалтарған павлодарлықтардың ісі майшаммен қаралуда

Алименттен жалтарған павлодарлықтардың ісі майшаммен қаралуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әкелердің перзенттеріне беруі тиіс қарызы бірнеше миллионнан асқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Көші-қон қызметі жұмысының бір бағыты – алимент төлемейтіндерді және борышкерлерді іздестіру.

Павлодар қаласының полициясына облыс орталығының тұрғыны бұрынғы жұбайының 13 жастағы ұлын асырауға алимент төлеу туралы сот шешімін орындамауына байланысты арызданған. Қарыз сомасы 4 миллион теңгеден асқан  -дейді облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.

Құзырлы органға осыған ұқсас арызбен тағы бір қала тұрғыны жүгінген. Ажырасқаннан кейін оның бұрынғы жұбайы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеуге қатысуды тоқтатқан. Қарыз көлемі 7 миллион теңгеден асады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер борышкерлердің орналасқан жерін анықтап, олардан келу туралы міндеттеме алынды.

Тәртіп сақшылары борышкерлерді және олардың мүлкін іздестіру бойынша түрлі әдістерді қолданады. Мәселен, басқа мемлекеттік органдармен, банктермен, ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жөніндегі түрлі келісімдер бар. Сонымен қатар әлеуметтік желілер де үлкен мүмкіндік беруде. 

Алимент – бұл жай ғана заңдық міндет емес, әр ата-ана баласының алдындағы жауапкершілік екенін ұмытпауы қажет.