Алып қуыршақ, тегін балмұздақ: Ақсуда балаларға керемет мереке өткізілді

Алып қуыршақ, тегін балмұздақ: Ақсуда балаларға  керемет мереке өткізілді

Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы, ERG Service және «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты бірлесіп, өз қызметкерлерінің балалары үшін көңілді мереке ұйымдастырды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласының  жағалауы әртүрлі жастағы 800-ге жуық бала  үшін түрлі пайдалы, зияткерлік, спорттық және басқа да ойын-сауықтардың шағын әлеміне айналды. 

– Біздің компанияда балаларға әрқашан ерекше назар аударылады. Бүгін сусындар, су, балмұздақ тегін таратылуда. Аниматорларды шақырып, ойындар ұйымдастырылды. Шынымды айтсам, мен өзім де осындай керемет шараға қатысатын едім, – деп күледі Ақсу электр станциясының пайдалану инженері Антон Драчев. – Мұндай мереке тек Балаларды қорғау күні ғана ұйымдастырылмайды. Қыркүйек айында эстафеталар өткізіледі, жаңа жылда керемет шыршалар ұйымдастырылып, жақсы сыйлықтар беріледі. 

Мереке барысында балаларға өздеріне шопер немесе футболка бояу арқылы сыйлық жасау мүмкіндігі ұсынылды. Бетке бояу жағу шеберлері сияқты өздерін кескіндеме суретшісі ретінде сынап көргісі келетіндердің кезегі де көп болды. 

Балалар өз қызығушылықтары бойынша барлық алаңдарды тамашалап, алып қуыршақтармен суретке түсіп те үлгерді. 

Ересек балалар жағажайда лазертаг ойындарына қатысты. Сол жерге жақын маңда интеллектуалды ойын-сауыққа қатысқан балалар басқатырғыштарды шешті.

– Менің қыздарым барлық жерде болды: сурет салып, аниматорлармен ойнады. Керемет мереке, – дейді «Қазхром «ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты теміржол цехының жүргізушісі Темірлан Хамзин. – Мен зауытта бес жыл жұмыс істеймін және біздің компанияның балаларға қалай қамқорлық жасайтынын көремін.

Ұйымдастырушылар балалардың уақытты көңілді  өткізуі үшін барынша күш салды. Сонымен қатар жас өрендер мен олардың  ата-аналарына да торттар мен балмұздақ сияқты тәттілер таратылды.   

– Іс-шара өте керемет өтуде, тек біздің балалар ғана емес, ересектер де осындай мерекелерге қатысқанына қатты қуанады. Компания олар үшін де мерекелер өткізеді, – дейді жөндеу басқармасының қызметкері ЕRG Service Кристина Гульман.

ERG корпорациясы қызметкерлерінің балалары сабын көпіршіктері шашыраған керемет ортада өздерін ертегі әлеміне тап болғандай сезінді. 

Балалар алаңсыз, емін-еркін жүгіріп,  уақытты керемет өткізді.