Алматыда жаңа стадион салынады

Алматыда жаңа стадион салынады
Фото:pixabay.com/picselweb

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.kz.

– Алматыда жаңа стадион құрылысы жоспарланған. Сондай-ақ жеті қалада жеті стадион салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Биыл күзде Қызылордада УЕФА стандартының үшінші санатына сай келетін стадион пайдалануға беріледі, – деді Ербол Мырзабосынов Парламенттің бірлескен отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Оның айтуынша, аталған бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қолға алынды.

– Жобалау жұмысы аяқталғаннан кейін стадиондардың құны белгілі болады. Жалпы Мемлекет басшысы шетелдегі жекеменшік клубтардың тәжірибесіне сүйене отырып, стадионды мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырмау жөнінде міндет қойды, – дейді ведомство басшысы.