Апатты жағдайда қонған тікұшақтан төрт адамның сүйегі табылды

Апатты жағдайда қонған тікұшақтан төрт адамның сүйегі табылды

Тағы екеуі зардап шекті. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді.

Айтуынша, 23 ақпанда сағат 15.38-де Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің жанындағы ашық аумақта "Атырау-Орал-Атырау" бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару МИ – 8 АМТ тікұшағы апатты жағдайда қонғаны туралы хабар келіп түскен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бортында экипаждың бес мүшесі және "ҚазТрансОйл"АҚ өкілі болған.

- Сағат 19:07-де оқиға орнына келген ТЖД күштері қатты қону салдарынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің арасынан "Қазавиақұтқару" қызметкерлерінің денелерін тапты. Сондай – ақ, алғашқы медициналық көмек көрсетілетін екі жәбірленуші табылды, - деді Руслан Иманқұлов.