Асайын Байханов қытайлық инвесторларды аймақтың инвестициялық саясатымен таныстырды

Асайын Байханов қытайлық инвесторларды аймақтың инвестициялық саясатымен таныстырды
Фото: Валерий Бугаев

Олар инвестициялық жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Асайын Байханов қытайлық «East Hope Group» компаниясының басшылығымен кездесіп, облыста бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарларын талқылады.

– Асайын Байханов әлеуетті инвесторларды облыста бизнес жүргізудің артықшылықтарымен, сондай-ақ, өңірдің инвестициялық саясатымен таныстырды. «East Hope Group» бас директоры Мэн Чжанцзюн аймақтағы инвестициялық жоспарлары туралы айтты. Бұл компания әлемдегі ең ірі электролиттік алюминий және алюминий тотығын өндірушілердің ондығына кіреді, – дейді баспасөз орталығында.

Қытай компаниясы бірлескен перспективалық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып, одан әрі ынтымақтастыққа үміт білдірді.