Павлодар облысында пияз арзандады
2023 жылғы тамызда басты пияз бағасы 17,2% түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өңірлік статистика департаментінің мәліметінше, азық-түлік тауарлары тобында сүт өнімдері бағасы – 0,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері – 0,6%, шұжықтар – 0,5% қымбаттағаны байқалды.
– Сәбіз бағасы – 7,8%, ақ қауданды қырыққабат – 7,6%, қызылша – 3,4% қымбаттады, ал басты пияз бағасы – 17,2%, картоп – 3,7% арзандады. Күнбағыс майының бағасы – 5,9%, жұмыртқа 2,7% төмендеді, – деп жазылған хабарламада.
Азық-түлік емес тауарлары бойынша киім және аяқ киім бағасы –2,1%, құрылыс материалдары – 2,5%, тұрмыстық аспаптар – 1,1%, бензин бағасы 0,7% өскен.
Ақылы қызметтер көрсету саласында ұялы байланыс қызметтері бағасы – 2,8%-ға, амбулаторлық қызметтері – 1,1%, кинотеатр қызметтері – 5%, моншалар қызметтері 3,6% артты.