Асайын Байханов: Қыз бала жастайынан махаббат пен қамқорлықта тәрбиеленуі тиіс
Облыс әкімі әйелдерді құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында қыз-келіншектерді халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Оның айтуынша, біздің мәдениетімізде ғасырлар бойы ана мен қыздарға деген құрмет қалыптасқан.
– Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздермен әлемге мейірім мен нәзіктік, махаббат пен сұлулық кіреді. Сіздер көктемнің өзіндей, жаңа өмірдің басталуын бейнелейсіздер. Қыз бала жастайынан махаббат пен қамқорлықта тәрбиеленуі тиіс: «Жібекті түте алмаған жүн етеді, қызды күте алмаған күң етеді»,–дейді облыс әкімі.
Әкім өзіне әйелдің қоғамдағы рөлі туралы сұрақты жиі қоятынын атап өтті. Әйелдер қоғам игілігі жолында ерлермен иық тірестіре еңбек етіп жатқанын, алайда, әлдеқайда көбірек рухани күш жұмсайтынын жеткізді.
– Баршаңызға денсаулық, бақыт пен әсемдік тілеймін. Біз сіздерді жақсы көреміз және бағалаймыз, – дейді облыс әкімі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram