Асайын Байханов ардагерлерге мерекелік медаль табыстады

Асайын Байханов ардагерлерге мерекелік медаль табыстады
Фото: Константин Шелков

Ол майдангерлердің шаңырақтарына барып, 9 мамыр мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі аға буынның ерлік дәстүріне құрмет көрсету мақсатында қадірлі ардагерлерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, ерекше ілтипатын білдірді.

- Қалқаман ауылында тұратын Василий Московченконың, Павлодарда Сергей Выжутовичтің, Мария Курбатованың, Василий Григораштың, Николай Ступканың сондай-ақ, Сычевка ауылындағы - Мария Матюшина мен Ертіс ауылындағы - Анна Носованың шаңырақтарына бардым, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Кездесуде Асайын Байханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ардагерлерге «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыстап, Президент атынан құттықтауларды оқыды.

-  Әр ардагермен кездесу - ерлік туралы дастан жазуға тұрарлықтай. Қарияларымыздың әсерлі естелік әңгімелерін тыңдап, батасын алып, алғыс айту өзі - бір ғанибет, - дейді облыс әкімі.

Оның сөзінше, ардагерлеріміз - тірі тарих. Соғыста Отан үшін, біздің жарқын, бейбіт болашағы­мыз үшін ардагерлеріміз арын – байрақ, намысын – найза етіп, қаһармандықтың өшпес үлгісін көрсетті.

Өкінішке орай, облысымызда Ұлы Отан соғысының тек 8 ардагері қалды. Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеу – біздің қастерлі борышымыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)