Павлодарда жаңа жылу магистралінің құрылысы аяқталды

Павлодарда жаңа жылу магистралінің құрылысы аяқталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желіні жоспарлы жуу және гидравликалық сынақтар жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Биыл Қамзин көшесінде жаңа 13-ЖМ жылу магистралінің құрылысы басталды. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың айтуынша, қазіргі уақытта желінің құрылысы аяқталды. Желіні жоспарлы жуу және гидравликалық сынақтар жүргізіледі. Сонымен қатар, көшені абаттандыру басталды. 

– Тұрғындардың Қамзин көшесінің жабылуына байланысты қолайсыздықтарға қатысты наразылығын түсінемін. Жылу желілерінің тозығы жеткенін білесіздер. Сондықтан 13-ЖМ жылу магистралінің құрылысы аса қажет болды. Бұл 250 көппәтерлі тұрғын үйдегі және әлеуметтік нысандардағы жылыту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, – деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.  

Хасар Хабылбеков құрылыс бөліміне учаскені абаттандыруды 25 қыркүйекке дейін аяқтауды және бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.