Асайын Байханов Екібастұз ЖЭО жөндеу науқанының барысын тексерді
Жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстары кестеге сәйкес уақытылы жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары Екібастұз ЖЭО-ның екі қазандық агрегатында аяқталды: №7 (күрделі жөндеу) және №9 (ағымдағы жөндеу). №11, №14 және № 15 қазандықтарының ескі жабдықтарын бөлшектеу толығымен аяқталды. №12 және №13 қазандықтарында бөлшектеу және ақаудың себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Жабдықтарды жаңартумен қатар станция нысандары да жөнделуде. ЕЖЭО бас ғимаратының жылу контурын қалпына келтіру үшін құрылымға техникалық тексеру жүргізілді, бұзып алып тастауға және ауыстыруға жататын қабырға және төбе плиталарының картасы жасалды. Жұмыстарға өнеркәсіптік альпинистер, мамандандырылған жабдықтар мен техника жұмылдырылған. Жұмыстарды жаздың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Жылу магистральдарын реконструкциялау жұмыстары кестеге сәйкес уақытылы жүргізілуде. Бүгінде мұнда 2400 метрден астам құбыр орнатылған.
Асайын Байханов жүргізіліп жатқан жұмыстардың қарқыны мен сапасын төмендетуге болмайтынын атап өтті, өйткені, алдағы жылу беру маусымдарының сәтті өтуі барлық бағыттағы үйлесімді жұмысқа байланысты.
Фото: Валерий Бугаев