Сенбі күні Павлодар облысында жаңбыр жауады

Сенбі күні Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Облыстың оңтүстік-шығысында жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-батыс желі 9-14, оңтүстік-шығыста 15-20 м/с дейін жетеді.  Ауа температурасы түнде +8...+13, облыстың солтүстігінде  күндіз +17... +22 градус көрсетеді.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық болады, түнде және таңертең қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Солтүстік батыс желі 9-14 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9... +11, күндіз +20... +22 градус ыстық болады.