Павлодарда бюджет қаражатын ұрлау фактілері азайған
Былтыр бюджет қаражатын ұрлау фактісі 11 тіркелсе, биыл болмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әр жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған цифрлы енгізу бойынша жұмыс жүргізу барысында «Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық бухгалтерия» пилоттық жобасын іске асыру қорытындысы шығарылды.
– Оны іске асыру шеңберінде «Фаворит» АЖ білім беру мекемелері пайдаланатын базада үстеме белгіленген норманың жалақысын есептеуге, сондай-ақ төлем құжатына дұрыс емес дербес деректерді енгізуге жол бермейтін тетіктер енгізілді, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Медет Амралинов.
Спикердің айтуынша, қазынашылық есептерін есеп айырысу-төлем ведомостарымен ай сайын салыстыру есептелген жалақы сомаларындағы сәйкессіздіктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді, осылайша бюджет қаражатын одан әрі ұрлауға жол бермейді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерінің айтарлықтай төмендеуі байқалған.
Айта кетейік, өткен жылы білім беру саласында бюджет қаражатын ұрлаудың 11 фактісі тіркелген болса, онда биыл барлығы 5, бұл ретте олардың барлығы өткен жылдардағы оқиғалар бойынша тіркелген, яғни биыл ұрлаудың жаңа фактілеріне жол берілмеген.
Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті спорт, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, еңбек және әлеуметтік қорғау, авариялық және тозығы жеткен тұрғын үйлер, автожолдарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды жөндеу салаларын тексерді. Спортта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдары бойынша бұрын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шарты бойынша міндеттемелерді орындамаған футбол клубының шығындары оңтайландырылды.