Асайын Байханов: Игерілмеген қаражатты жыл соңына жылжыту тәжірибесін тоқтату керек

Асайын Байханов: Игерілмеген қаражатты жыл соңына жылжыту тәжірибесін тоқтату керек
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қорытындыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчуктың сөзінше, өңірлер бөлінісінде барлық индикаторлар бойынша оң динамика Ақсу, Екібастұз қалаларында, сондай-ақ Аққулы ауданында қамтамасыз етілді.

Павлодар қаласында, Ақтоғай, Шарбақты, Ертіс, Тереңкөл, Май, Успен аудандарында бес көрсеткіш бойынша  оң динамикаға ие. Ал Баянауыл ауданында өнеркәсіпте теріс динамика байқалды. Железин ауданында құрылыс саласында өткен жылдың деңгейіне қол жеткізілді. Павлодар ауданында инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады, – деді Ирина Назарчук. 

Оның сөзінше, облыстар арасында қысқа мерзімді экономикалық индикаторлар бойынша  өңіріміз 14- орында. 2022 жылы 16 - орын болды, яғни екі орынға көтерілді.  Олар макро көрсеткіштер бойынша бағаланады. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылық саласы бойынша – 14-орында, жеке инвестициялар бойынша – 8-орында, ал инвестиция бойынша 9-орында орналасады. 2023 жылғы инвестициялар көлемі 2024 жылдың жоспарлы мәнінен асып түсті. 

2024 жылғы бюджеттің негізі бағыты – халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасы. Барлық көрсеткіштерді  бақылауда ұстау керек, – деді Асайын Байханов. 

Қаржы басқармасының басшысы Жеңіс Шақатовтың айтуынша, былтырғы жылдың 554 млрд теңге жоспарлы бюджеттік шығындар 99,4 пайызға игерілді. 

Бюджет қаражатын игеру – сіздердің басшы ретінде жеке жауапкершіліктеріңіз. Соңғы уақытта қолданып жүрген жыл соңына дейін қаражатты жылжыту тәжірибесін тоқтатуды тапсырамын, – деді Асайын Байханов. 

Облыс әкімі қалалар мен аудандар әкімдеріне барлық әлеуметтік-экономикалық индекаторларды бақылауда ұстау керектігін атап өтті.