Асайын Байханов: Конституция – азаматтардың құқықтарын қорғаудың негізгі кепілі

Облыс әкімі өңір тұрғындарын еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі - Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қадірлі жерлестер! Қазақстан Республикасының Конституциясы – бұл тұрақтылықтың, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі кепілі. Сондықтан Конституциямызға құрмет пен халқымызға тән отаншылдықтың арқауын сақтап, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру - біздің басты мақсатымыз! Өңіріміздің барлық тұрғындарын мерекемен құттықтаймын! – деп жазды аймақ басшысы Telegram парақшасында.
Сондай-ақ Асайын Байханов барша жерлестеріне мықты денсаулық, бейбітшілік, амандық және барлық бастамаларына сәттілік тіледі.