Асайын Байханов Май ауданының тұрғындарымен кездеседі
Кездесу 10 желтоқсан күніне жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 10 желтоқсан күні сағат 14.30-да Көктөбе ауылының мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Май ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.
Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.