Павлодар облысында 10 қыркүйекте 30 градус ыстық болады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +10...+15°C болады. Жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +29...+34°C-қа дейін көтеріліп, жауын-шашын болмайды.
Павлодар қаласында түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C болады деп болжануда. Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз.