Асайын Байханов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Асайын Байханов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Фото: Константин Шелков

Дәрігерлердің, фельдшерлердің, жедел жәрдем қызметкерлерінің, мейіргерлер мен сала мамандарының кәсіби біліктілігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.

— Құрметті Павлодар облысының денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері, сіздерді Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қасиетті парыз еткен мамандық иелері ретінде сіздер жоғары кәсібилік, жауапкершілік, жанашырлық пен адалдықтың үлгісін көрсетіп келесіздер, - деді аймақ басшысы.

Құттықтауында Асайын Байханов бүгінде Павлодар облысының денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Айтуынша, соңғы жылдары ауылдық медицинаны жаңғырту аясында 30 денсаулық сақтау нысаны салынып, ауруханалар мен емханалар жаңартылып, заманауи диагностикалық және емдеу технологиялары енгізілуде.

— Дәрігерлердің, фельдшерлердің, жедел жәрдем қызметкерлерінің, мейіргерлер мен сала мамандарының кәсіби біліктілігі – өңіріміздің мақтанышы. Сіздер озық емдеу әдістерін меңгеріп, күрделі операцияларды сәтті жүзеге асырып келесіздер. Әрбір жетістік - сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен жанашыр жүректеріңіздің жемісі, - деді құттықтауында.

Облыс әкімі медицина саласының мамандарына зор денсаулық, отбасы амандығын, бақ-береке, еңбектеріне толайым табыс және халықтың шынайы алғысына бөлене беруді тіледі.