14 маусымда Павлодар облысында күн күркіреп, жауын жауады
Күн бұлтты болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік желінің екпіні найзағай кезінде секундына 18 метрді құрайды.
Түнде +15°+20°С, күндіз + 23°+28°С болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 9-14 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.
Павлодарда түстен кейін күн күркірейді. Облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.