Павлодарлық декреттегі анаға қандай бизнес ашуға болады?
Жергілікті кәсіпкерлер декреттегі аналарға арналған бизнес-тренинг ұйымдастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығы «Бизнестегі ана: Декретте бизнесті қалай бастау керек» атты тренингке шақырады. Аталмыш іс-шара өз ісін ашқысы келетін және неден бастау керектігін білмейтін барлық аналарға арналған.
Бизнес-тренинг спикерлері: Жәнібек Шахзадин – әйелдер гигиенасының көтерме дистрибьюторы. Мария Самосуд – көп балалы ана, іскер әйел, онлайн-дүкеннің иесі.
Аталмыш тренингте қатысушылар декреттегі ана бизнесті қалай үйлестіру керектігін, өз ісіңді сәтті бастаудың құпияларын, кәсіпкер аналардың өмірінен нақты мысалдарды үйренеді.
Айта кетейік, бизнес-тренинг 19 қазан күні сағат 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша өтеді. Толық ақпарат пен бизнес-тренингке жазылу +7756259587 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Бүгін бизнесте өз жолыңызды бастаңыз.