Асайын Байханов: Жылу беру маусымының өтуін ерекше бақылауда ұстау керек
Өңір басшысы үш қаланың әкімдерімен жылыту маусымының басталу қарқыны бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін өңір басшысы 30 қыркүйекке дейін барлық әлеуметтік нысандарды жылуға қосуды, 2 қазанға дейін көппәтерлі тұрғын үйлерді қосуды аяқтауды, ал үш қаланың барлық жеке үйлеріне 5 қазанға дейін жылу беруді тапсырған болатын.
– Павлодарда биыл жылыту маусымы әдеттегіден ертерек басталды. Ауруханаларға, балабақшалар мен мектептерге жылу 9 қыркүйекте берілді. Екібастұз бен Ақсуда жылыту маусымы 16 қыркүйекте басталды. Қазіргі уақытта өңірдің барлық әлеуметтік нысандары жылумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, облыс орталығында 1300 көппәтерлі тұрғын үйдің 1296-сы толықтай қосылды. Қазіргі уақытта тиісті жылумен қамтамасыз ету үшін гидравликалық режимді реттеу жұмыстары жүргізілуде, – делінген хабарламада.
Кеншілер қаласында жылумен жабдықтау 450 КТҮ-де жүзеге асырылды, 2 қазанда тағы 154 КТҮ жылу алады. Қалған 95 КТҮ 3 қазанда қосылады. Жеке сектор жылумен жабдықтауға 94%-ға қосылған. Екібастұз ЖЭО-да қазір 2 қазандық агрегаты істеп тұр, бұл қазіргі ауа райына жеткілікті. Резервте және толығымен жұмысқа дайын 4 қазандық бар.
Жақында ЖМ-1, ЖМ-3 қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, гидравликалық сынақ сәтті жүргізілді. Қазіргі уақытта желі жұмыста, гидравликалық режимді баптау мен кезең-кезеңмен толтыру жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Ақсуда 265 КТҮ-дің 264 КТҮ және жеке сектордың барлық шағын аудандары жылуға қосылған. Қаланың қалған жалғыз көпқабатты үйінде жылумен жабдықтаудың үйішілік желілері жөнделуде, кейін жылумен қамтамасыз етіледі.
Облыс әкімі өткен жылдармен салыстырғанда қыс мезгіліне сапалы дайындықты атап өтті, алайда босаңсымауды талап етті және өзіне жеке келіп түскен өтініштерді мысалға келтірді.
– Кеңес қорытындысы бойынша өңір басшысы үш қаланың әкімдеріне жылу беру маусымының өтуін ерекше бақылауда ұстауды, олар туындаған кезде желілердегі жөндеу жұмыстарына байланысты ажыратулар туралы қала тұрғындарын уақтылы ескертуді, сондай-ақ жөндеу бригадаларын күшейту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды, – деді ведомствода.
Бұдан басқа, барлық қала басшылары жылумен жабдықтау желілерінің барлық ықтимал осал учаскелерін талдап, оларды қажетті есептеулер мен құжаттамаларды уақтылы дайындап, келесі жылға арналған жөндеу және реконструкциялау бағдарламаларына міндетті түрде қосуы қажет.