Екібастұзда жылу тарифі қаншалықты көтеріледі?
Сұрақтың шешімі әлі қабылданбады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.
– «Екібастұзжылуэнерго» монополисі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаментіне жылу тарифін 149 пайызға көтеруге өтінім берді. Алайда тарифтер өспейді. Департамент 25-тен 40 пайызға дейін көтеруді қарастыруда. Алайда, қазір тариф мәселесі әлі талқылануда, ешқандай шешім қабылданған жоқ ,– деді аймақ басшысы.
Оның сөзінше, монополоист тарифті көтеру үшін негіздеме ұсыну керек.
Еске сала кетейік, Асайын Байханов Екібастұзда жылыту маусымы сапалы түрде өтеді деп атап өткен болатын.