Асайын Байханов өңір тұрғындарын Абай күнімен құттықтады

Асайын Байханов өңір тұрғындарын Абай күнімен құттықтады
Фото: Константин Шелков

Облыс әкімі ізгі тілегін Instagram әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 –  Қадірлі жерлестер! Бүгін біз Абай күнін атап өтудеміз. Ақын, композитор, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбаевтың дара ой тұлғасы бүкіл әлемге танымал, – деді өңір басшысы. 

Ол алты Алаштың алыбы арқасында қазақ руханиятының ағарту жолына жаңаша жол ашылғанын атап өтті. Қанша уақыт өтсе де Абайдың философиялық еңбектері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан емес және бүгінгі ұрпақты өнегелі рухани құндылықтарға – еңбекке, мейірімділікке, адамгершілік пен жасампаздыққа тәрбиелеуде.

Асайын Байханов  халқымыздың рухани алтын темірқазығы атанған «Ұлы Абай» мәңгі жүрегімізде екенін атап өтіп, Абай күнімен облыс тұрғындарын  құттықтады.