Павлодарда Абай Құнанбайұлының әндері шырқалады

Ақынның 180 жылдығына арналған концерт өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шара 24 шілде күні сағат 19:00-де қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен орталық мәдениет және демалыс саябағындағы Горсад сахнасында, ашық аспан астында ұйымдастырылады.
– Бағдарламада Абай Құнанбайұлы шығармашылығының маңыздылығы туралы кіріспе және қорытынды сөздер айтылып, Алмас Мұқатайдың орындауында Абай әндері шырқалады, – деді Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның баспасөз қызметі.
Концертке ақын шығармашылығын қадір тұтатын барша көрермендер шақырылады.