Астана-Павлодар автожолындағы жол- көлік оқиғасынан екі адам зардап шекті
Олар Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Астана-Павлодар автожолының 195 шақырымында орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, көлік аударылған.
– Апат салдарынан екі адам зардап шекті. Олар көліктен өздігінен шығып, 103 қызметіне жүгінді. Қоңырау бастапқыда Ерейментау аудандық ауруханасына түсті, алайда Шідерті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетін аумақтық жақындығын ескере отырып, өңіраралық өзара іс-қимыл жоспары бойынша жедел түрде берді, - делінген хабарламада.
Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері дереу сол жерге келіп, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетті және оларды Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізді.