Атамекен кентінің тұрғындары 110 жылдығын атап өтеді

Атамекен кентінің тұрғындары 110 жылдығын атап өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Спорттық ойындардың қатысушылары қаржылай сыйлықтар ұта алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйі баспасөз қызметінің мәліметінше, мерекелік іс-шара 14 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.

Дүбірлі тойдың қонақтарын сағат 10:00-де мерекелік лотерея, 11:00-де іс-шараның салтанатты ашылуы, мерекелік концерт күтеді. Сағат 11:30-да «Қазақ күресі», «Қол күрес», «Гір тас көтеру», «Садақ ату», «Қой көтеру», «Асық ату», «Ләңгі тебу», «Арқан тарту» ұлттық спорт ойындарынан жарыстар өтеді, әр ойынға қаржылай сыйлықтар қарастырылған. Сағат 12:00-де аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, 14:30-да флешмоб пен концерттік бағдарлама жоспарланған, – дейді ұйымдастырушылар.

Мерекелік іс-шара сағат 16:00-де аяқталады.

Өтетін орны: Мәншүк Маметова көшесі, жаңа үйлер алаңы.