Аяқсыз қалды: Павлодарда әйелін көлікпен қаққан ер адамға қандай айып тағылуда?

Әйел әлі күнге дейін ауруханада жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 41 жастағы ер адам бұрынғы азаматтық некеде тұрған әйеліне қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша бірінші сот отырысы өтті. Тыңдау барысында Прокурор Риза Түсіпова айыптау актісін оқыды. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, 5 қаңтарда сағат 23:00 шамасында айыпталушы мен жәбірленуші қызғаныш салдарынан сөзге келісіп қалған. Кейін айыпталушы әйелдің телефонын алып, үйден шыққан. 6 қаңтар күні таңертең жәбірленуші қызын балабақшаға апарайын деп жатқанда ер адамды үйдің қасында байқаған. Әйел телефонын қайтару мақсатымен көлікке отырған. Содан кейін екеуі тамақ сататын павильонға жол тартқан. Жолда олар тағы да жанжалдасқан.
– Әйел әңгімеден қорқып, көліктің салонынан шығып, павильонға қарай жүгірді. Осы кезде айыпталушыда жанжал негізінде кісі өлтіру, яғни заңсыз қасақана адам өлтіру, атап айтқанда, соққы жасау арқылы өлтіруге бағытталған қылмыстық ниеті пайда болған, – деді Риза Түсіпова.
Үшінші ай бойы жәбірленуші ауруханада жатыр. Ол төсектен тұра алмайды. Сот медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес оның сол жақ жіліншіктің екі сүйегінің де ашық фрагментті сынуы, оң жақ жіліншіктің ашық сынуы сияқты жарақаттар бар. Сонымен қатар сол аяқтың ампутациясы жасалды.
– Мен павильонның есігіне қарай жүгірдім. Ішкі түйсігіме құлақ асып, жүгіру керек екенін түсіндім. Интуитивті түрде бұрылып, қырынан тұрдым, соққы сол жерде болды. Дәрігер егер мен арқаммен немесе бетіммен тұрсам, онда 100% аман қалмайтынымды түсіндірді, – деді жәбірленуші.
Әйелдің пайымдауынша, ол ауруханаға түскеннен кейін ер адам оның халін бірде-бір рет сұрауға келмеген.
Прокурор ер адам Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-баптың 1-бөлігінде көзделген (кісі өлтіруге оқталу, яғни басқа адамға заңсыз қасақана өлім жасауға оқталу) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тақты.