Павлодарда дүкен иесіне негізсіз алты миллион теңге айыппұл салынған

Павлодарда дүкен иесіне  негізсіз алты миллион теңге айыппұл салынған
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында ірі кәсіпорын субъектілеріне қатысты әкімшілік қудалаудың жолы кесілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық прокурорлар инвесторларды заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілерін анықтады.

– Экология департаменті мемлекеттік экологиялық сараптама бола тұра, инвесторды сараптаманың болмағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартқан. Сонымен қатар тексеру нәтижесі туралы актіде экологиялық заңнама нормаларына қарама-қайшы талаптар жазылған, – деді облыстық прокуратурада.

Сондай-ақ, Павлодар қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы белгілі «FixPrice» дүкендер желісінің иесіне тауардың атауында мемлекеттік тілде ақпараттың болмағаны үшін жаза тағайындаған. Алайда тексеріс барысында сауда орнында санитарлық ережелер  сақталмағаны анықталған.  Яғни, бұған дейінгі аталған факті бойынша құқық бұзушылықтың болмауына байланысты іс тоқтатылған. 

Лауазымды тұлғалардың заңға қайшы іс-әрекеттерінің салдарынан заңды тұлғаға негізсіз алты миллион теңге айыппұл салынды. Ал прокурордың наразылығы бойынша оның күші жойылды.

Қабылданған қадағалау шараларымен заңсыз актілердің күші және тексеру қорытындысы жойылып, бизнесмендердің құқығы қалпына келтірілді. Кінәлі адамдардың жауапкершілігі туралы мәселе көтерілді.