Ақсу ЕЭК энергетиктері тілдер күнін тойлады
Олар кез келген елдің мәдениетін оның ана тілі арқылы білуге болатынын еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан халқының тілдеріне деген құрметті Еуразиялық энергетикалық корпорациясы білдірді. Мереке Ақсу қаласында аталып өтті. Қонаққа кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары, «АМАНАТ» партиясының кеңесшілері және еңбек ардагерлері қатысты.
«ЕЭК» АҚ «АМАНАТ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сергей Руссу бұл шара ақсулықтардың да қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылғанын айтап өтті.
– Тіл – халықтың қазынасы. Осы мерекенің Ахмет Байтұрсыновтың туған күнімен тұспа-тұс келуі жайдан-жай емес, - деді Сергей Руссу.
Шараны «ЕЭК» АҚ қызметкерлері өздері ұйымдастырды. Қызметкерлерге шоу-бағдарламаны дайындауға бір ай уақыт берілген. Шеберханалардың әрқайсысы Қазақстанда кездесетін белгілі бір ұлттың өкілі болды.
Химия және отын-көлік бөлімінің қызметкерлері татарлардың салт-дәстүрін көрсетті. Олар көктемгі дала жұмыстарының аяқталуы – Сабантойдың қалай тойланатынын дәріптеді. Баяндамашылар қазақ пен татар дәстүрлерінің ұқсастығын атап өтті.
Жөндеу-механикалық және құрылыс шеберханалары белорустардың мәдениетін ортаға алып шықты. Мұнда Иван Купала мерекесімен таныстырды.
– Менің досым Беларусьте тұрады. Мен жақында оған қонаққа бардым. Ал олардың мәдениетінен шабыттанып, бүгінгі концертте осыны толық көрсетуді жөн көрдім, – дейді Қарлығаш Әменова. – Осында жұмыс істеген он екі жыл бойы Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне алғаш рет қатысып отырмын.
Қазандық және турбина цехының шеберлері Кавказ халқының мәдениетін көрсетуді жөн көріпті. Олар армян тілінде ән айтып, лезгинка биледі. Орыстардың рөлін жылу автоматика және өлшеу шеберханасының энергетиктері атқарды. Қонақтармен және көрермендермен бірге олар Масленицаны «тойлап», частушкаларды шырқап, жиналғандарға құймақтан дәм татқызды.
Электр станциясының қызметкерлері қазақтың салт-дәстүрін көрсетті. Олар домбырамен ән айтып, Наурыз мерекесінің қызықтарын сахналады. Әдеттегідей «шашу» мен бауырсақ болды.
Қазақ этно-мәдени орталығының төрайымы Рымкеш Сламбекова ақсулықтарды Қазақстан халқының тілдері күнімен құттықтады. Ол бірнеше тіл білу ешқашан артық болмайтынын атап өтті.
– Біздің заманда адамдар қазақ тілін үйренуде қиналады. Бірақ, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген адам ғана қазақ мәдениетін толықтай түсінеді, - деді ол.
Сыйлық ретінде Сергей Руссу барлық топтарға «Bon appetit» кафесіне 15 мың теңгенің сертификаттарын сыйға тартты.
Еске салайық, Қазақстан халқының тілдері күні 1998 жылы бекітілген. Қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланды.Бірақ 19 жылдан кейін бұл күн Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай шегерілді.
Ұлттық статистика бюросының 2023 жылғы 1 мамырдағы мәліметі бойынша Қазақстанда 124 ұлт тұрады.
Фото: Елена Гаркава
Әсия Серікова