Ақсу кентінде жеңіл көлік аялдамаға соғылды (ВИДЕО)

Ақсу кентінде жеңіл көлік аялдамаға соғылды (ВИДЕО)

Жүргізуші аруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Instagram желісіндегі @aksu.ermak парақшасында оқиғаның бейнежазбасы жарияланды. Желі қолданушылары оқиға болардан жарты минут бұрын автобус келіп, аялдамалардағы адамдарды алып кеткенін жазады. Сондай-ақ аялдаманың маңында жылдамдықты тежеу бойынша шара қолдануды сұрауда.

Көлік соғылғаннан кейін аялдаманың бір бөлігі құлап қалған. 

Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, оқиға орнынан шақыру сағат 07:24-те түскен. Жедел жәрдем 6 минутта жеткен. 26 жастағы ер адамды түрлі жарақаттармен Ақсу қалалық ауруханасына жеткізді. 

Ақсу қалалық әкімдігінің хабарлауынша, аялдама республикалық маңызы бар жолдың бойында, Өнеркәсіптік көшесінде орналасқан. 

– Аялдамаға «ВАЗ-2114» маркалы көлік соғылған. Оны жүргізуші қалпына келтіреді. Материал толтырылды, – деді қалалық әкімдікте.

Сонымен қатар, қалалық әкімдік «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға аталған орынға бағдаршам орнатуды қарастыру бойынша хат жолдаған. Аялдама кенттен қалаға өтетін бөлікте орналасқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аксу (@aksu.ermak)

Фото: @aksu.ermak парақшасынан