Ақсу мешіті медресеге бір миллион теңгеге көмек көрсетті

Ақсу мешіті медресеге бір миллион теңгеге көмек көрсетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінгі таңда медреседе қырыққа жуық шәкірт білім алуда, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласындағы Әбу Бәкір Сыддық  медресе-колледжі  ҚМДБ-ның қолдауымен 2009 жылы ашылған исламдық арнаулы орта білім беретін оқу мекемесі. 

Медреседе білім алып жатқан шәкірттер мен білім беруші ұстаздарға қолайлы жағдай жасау үшін  облыс мешіттері тұрақты көмек көрсетіп, қолғабыс жасап келеді. 

Жуырда Ақсу қалалық мешітінің бас имамы Әбдімүтәли Омаровтың ұйымдастыруымен Әбу Бәкір Сыддық медресесіне Ақсу қалалық мешіті атынан бір қой,  850 мың теңгенің азық-түлігі және қаржылай қайырымдылық көмек жасалды.