Ақтоғайда қолайсыз ауа райынан зардап шеккен әйелдің қазіргі халі белгілі болды
Науқастың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қалалық №1 ауруханасының мәліметінше, әйелдің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытта оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Алдағы уақытта оған ота жасалады.
Еске сала кетейік, осы күндері 103 қызметі қолайсыз ауа райына байланысты жазатайым оқиғалар бойынша шақыртуларға шыққан болатын. Ақтоғай ауылында 1985 жылы туған әйелге тұрғын үй шатырының бөлігінен ұшып түскен шифер парағы құлап, жарақат келтірген. Зардап шегуші бетінің жұмсақ тіндеріндегі жарақаттармен Ақтоғай аудандық ауруханасына жеткізілді.
Ауруханада оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтандырылды. Кейін науқасты мамандандырылған ем алу үшін Павлодар қалалық №1 ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне ауыстырды.