Ақсу полициясы тұрғындарды сақтық танытуға шақырады
2023 жылдың сегіз айында Ақсу аймағында интернет-алаяқтықтың 48 фактісі тіркелген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласының полиция бөлімі интернет ресурстар арқылы интернет алаяқтықтың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
– Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтықтың танымал айла-тәсілдерінің бірі – Instagram әлеуметтік желісі, kolesa.kz, olx.kz, krisha.kz жарнамалық сервистерінде тауарларды сату туралы хабарландырулар беру. Әдетте, алаяқтар құрбандарын төмен бағамен, тиімді ұсыныстармен тартады және қолма-қол ақшаны электронды әмиянға немесе банктік шоттарға аудару арқылы алдын ала төлемді аударуды талап етеді, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары интернеттегі банктік қызметтерге байланысты телефон нөмірін ешқашан көрсетпеуге кеңес береді.
- Нөміріңізді және карта деректерін бейтаныс адамдарға бермеңіздер, промоутерлер әртүрлі конкурстарға немесе әлеуметтік желілерге қатысу үшін тарататын сауалнамаларда көрсетпеңіздер.
- Телефон нөміріне электрондық пошта, әлеуметтік желі және электрондық әмиянды тіркемеңіздер.