Ақсу қаласының ауданаралық соты құрылмақ
Сотты құру күні әзірге белгісіз, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта Май аудандық соты таратыла отырып, Ақсу қаласының ауданаралық соты құрылады.
- Ал Май аудандық сотының әкімшілік ғимаратында құжаттарды, арыздар мен шағымдарды қабылдау және беру кеңсесі, сондай-ақ процеске онлайн режимде қатысуға арналған сот залдары жұмыс істейтін болады, - делінген хабарламада.
Сотты құру күні қосымша хабарланады, Павлодар облыстық сотының ресми ақпарат көздерінен және «Павлодар соттары» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда болады.
Айта кетелік, Ақсу қаласы ауданаралық соты Ақсу қаласы, Құрылысшылар көшесі, 12 мекенжайында орналасқан.