Асайын Байханов Павлодар ауданының тұрғындарын мерейтоймен құттықтады
Ауданда шамамен 27 мың адам тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1928 жылы бұрынғы уездің болыстарынан құрылған Павлодар ауданына 95 жыл толды.
– Қадірлі жерлестер, еңбектеріңіз, туған өлкеге деген шексіз махаббаттарыңыз бен адалдықтарыңыз үшін рахмет. Ауданның әрбір тұрғынына мықты денсаулық, отбасына амандық, табыс, жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілеймін! Мерейтой құтты болсын! – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Сондай-ақ аймақ басшысы ауданның дамуы жолында өздерінің күш-қуаты мен жастық шақтарын сарп еткен ардагерлерге ерекше алғыс білдірді.
– Павлодар ауданы Коряковка көлімен, Черноярка көкөністерімен, Кемеңгер ауылындағы тәжірибелі станциясымен танымал. Алайда, ауданның басты байлығы – оның тұрғындары, – деп атап өтті облыс әкімі.
Бүгінде аудан облыс орталығының азық-түлік белдеуі ретінде қарқынды дамып келеді және ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі бойынша көш бастап тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram