Ақсуда ас үй пышағымен танысын өлтірген ер адам сотталды
Сотта айыпталушы қылмыстың жазасын өзертуді сұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамға қатысты адам өлтіру бойынша іс қаралды (ҚК 99-б. 1-б.).
Мамырда Ақсу қаласы Набережная көшесіндегі пәтерде екі ер адам алкогольдік ішімдіктер ішкен. Таныстардың арасында жанжал шығып, біреуі масаң күйде болып екіншісінің сол жақ кеуде тұсынан, жүрегіне ас үй пышақ сұқты. Ауыр жарақаттың салдарынан соңғысы сол жерде көз жұмды.
Прокурор айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің әкесі прокурормен толықтай келісті.
Сотта айыпталушы өз әрекеттерін ауыр емес бапқа ауыстыруды, яғни жазаның ең төменгі мөлшерін тағайындауды сұрады.
– Сот ер адамның кінәсін мойындауын және алғашқы соттылығын ескере отырып қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады,– деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, айыпталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдік зиянды өтеу үшін 8 миллион теңге және материалдық шығын – 984 000 теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.