Павлодарда психикалық жағдайы нашарлаған тұрғын сот арқылы мәжбүрлі емдеуге жатқызылады
Ер адамның мінез-құлығы агрессивті болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық сотында емдеу мекемесінің психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамды мәжбүрлеп емдеуге жатқызу туралы өтініші бойынша азаматтық іс қаралды.
Мәлімдеме ер адамның 2022 жылдан бастап психикалық денсаулық орталығында есепте тұруына негізделген. Күзде ер адамның психикалық жағдай нашарлап, мінез-құлқы агрессивті болды. Психиатр-дәрігерлер комиссиясы ер адам стационар жағдайында емделу қажет деген қорытынды шығарды.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 168-бабының ережелеріне сәйкес Адамның психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылығының (ауруының) болуы және психиатр-дәрігердің зерттеп-қарау жүргізу немесе стационар жағдайында емдеу қажеттігі туралы шешімі стационарға емдеуге жатқызуға негіздер болып табылады.
Сот өтініш берушінің дәлелдерін зерттеп, психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысын ескере отырып, өзін-өзі емдеу қабілетінен айырылған және мінез-құлқы өзіне және айналасындағыларға ықтимал қауіп төндіретін науқастың мүддесі үшін өтінішті қанағаттандыру туралы қорытындыға келді.