Павлодардағы бау-бақша аумағы өртке оранды

Павлодардағы бау-бақша аумағы өртке оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуірде кешкі сағат 20:20-да «Энтузиаст» бағбаншылық шаруашылығында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Ашық алаңдағы 0,15 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыс жанғаны анықталды. Тілсіз жау 21:18-де ауыздықталып, 21:35-те сөндірілді. Өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болды. 

Оқиға орнында үш техника мен өрт сөндіру қызметінің 12 қызметкері жұмыс істеді.