Павлодарда автобустардың саяжайларға қатынайтын күні белгілі болды
Қоғамдық көліктер күн сайын жүреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 13 сәуірден бастап саяжай бағбаншылықтарына автобус қатынасы ашылады.
- Бұл бағытта қоғамдық көліктер күн сайын саяжайларға 14 автобус бағытымен жүреді. №1, 2, 6 (саяжай маусымында), 9, 10, 17 (саяжай маусымында), 18, 21, 22, 27, 31, 40, 42 , 44, - делінген хабарламада.
Мұнда:
№ 1 – «Солтүстік»;
№ 2 – «Ертіс»;
№ 6 – «Березка», «Северный», «Надежда»;
№ 9 – «Құрылысшы», «Энтузиаст», «Оңтүстік», «Металлург»;
№ 18 – «Мұнайшы», «Денсаулық»;
№ 27 – «Құрылысшы», «Энтузиаст», «Оңтүстік», «Металлург»;
№ 10 – «Березка», «Северный», «Надежда», «Шығыс»;
№ 17 – «Құрылысшы», «Оңтүстік», «Яблонька», «Авиатор», «Огонек», «Достық»;
№ 21 – «Құрылысшы», «Оңтүстік», «Яблонька», «Яблонька-2»;
№ 31 – «Ертіс», «Денсаулық», «Мұнайшы», «Реченька», «Клен»;
№ 22 – «Құрылысшы», «Оңтүстік», «Яблонька», «Авиатор»;
№ 40 – «Надежда», «Шығыс», «Фрегат», «Мелиоратор»;
№ 42 – «Надежда», «Солтүстік», «Березка», «Шығыс»;
№ 44 – «Саяжай», «Ертіс», «Көктем», «Денсаулық», «Мұнайшы», «Реченька», «Клен» саяжайларына қатынайды.