Павлодарда жылу тарифі жобасы бойынша жария тыңдау өтеді

Павлодарда жылу тарифі жобасы бойынша жария тыңдау өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тыңдауға тұрғындар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдері қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды «Гидросервис–РК» ЖШС жылу энергиясын беру, бөлу және өткізу қызметіне арналған тариф жобасын қарау бойынша өтетін жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Жария тыңдау 10 қазан күні сағат 12:00-де Ак. Сәтбаев көшесі, 136, 4-қабат, 419-кабинет мекенжайында өтеді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін Zoom арқылы онлайн конференция жоспарланған. Оған сілтеме арқылы қосылуға болады.

Департамент осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7182) 61-59-55 телефонына хабарласуға болады.