Павлодарда 45 жылдық тарихы бар мультфильмнің мюзиклі қойылады
Премьера екі күнге созылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
9-10 қазанда Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының сахнасында кеңес режиссері Гарри Бардиннің мультфильмі негізінде «Ұшатын кеме» ертегі мюзиклінің премьерасы өтеді.
– Бұл – мейірімділік, риясыз сүйіспеншілік пен адалдық зұлымдық пен арамдықты қалай жеңгені туралы хикая. Анимациялық қойылымға 45 жыл толды, бірақ оның жарқын бейнелер мен керемет әндерді аға және кіші буын өкілдерін қызықтырады, – деді филармонияда. – Сізді ертегі кейіпкерлерінің ортасында жылы, таңғажайып кеш күтеді. Керемет музыка, вокал және хореография нағыз мереке атмосферасын қалыптастырады.
Филармонияның музыкалық нұсқасында композитор Максим Дунаевский мен әнші-ақын Юрий Энтиннің, «Лад» орыс халық аспаптар ансамблінің, «Ретро» вокалдық ансамблінің жанды орындауында туындылар орындалады. Қойылымда «Шернияз» би ансамблінің әртістері ойнайды. Басты кейіпкерлердің рөлдерін Сергей Князев, Уахит Алинур, Айвар Дюсекеев, Екатерина Романенко сомдайды. Режиссер – А. П. Чехов атындағы драма театрының актрисасы Юлия Захарчук.