Павлодарлықтар жылыту пештерін пайдалану кезінде нені ескеру қажет?

Павлодарлықтар жылыту пештерін пайдалану кезінде нені ескеру қажет?
КонстантШелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көп жағдайда өрт адамның селсоқтығынан пайда болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Облыстық ТЖД жылыту пештерін дұрыс пайдалану кезінде сақтануға керекті сақтық шараларды тұрғындардың есіне салады.

–  Пеш алдына 50х70 өлшеміндегі күйіктен қорғайтын пеш алды темір парақ қою қажет. Үйдегі жиһаз пештен 70 сантиметрден алшақ жерде орналасу қажет, ал пештің аузынан 125 сантиметрден кем емес қашықтықта болуы керек. Жанып жатқан пешті қараусыз қалдырмаңыз және оны қадағалауды жас балаларға тапсырмаңыз.,– деп ескереді департаментте.

Пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш заттарды қолдануға, киімді, отынды пешке кептіруге болмайды. Пеш кірпішінде жарық сызықтары пайда болмас үшін, мұржаны кем дегенде үш айда бір рет жиналатын күйеден тазалау керек.