Павлодар ауданының оқушылары республикалық жарыста қола медаль ұтып алды

Павлодар ауданының оқушылары республикалық жарыста қола медаль ұтып алды
Фото: Луганск ЖОББМ

Спорттық шараға 14 аймақтың командалары қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 26-28 маусым аралығында Семей қаласында 5-6-сыныптар арасында жеңілатлетикалық кросстан Ұлттық Мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті. 

Облыс атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары Павлодар ауданының Луганск жалпы орта білім беретін мектебінің командасы қатысты. 

Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша Луганск ЖОББМ жасөспірімдер командасы үшінші орынды жеңіп алды.