Павлодар аумағында заңсыз күзет қызметі тоқтатылды
Сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Polisia.kz ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, Павлодар облысында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел уәкілдері қаланың ойын-сауық мекемелерінде рұқсат құжаттарынсыз қауіпсіздікті қамтамасыз ету және фейс-бақылау бойынша заңсыз күзет қызметін жүзеге асырған қала тұрғындарын анықтап, ұстады.
– Тергеу барысында қатысушылардың қаланың 12 ойын-сауық орындарында заңсыз күзет қызметін ұйымдастырғаны анықталды. Олар маргиналдық жастар қатарынан, спорттық дайындықтан өткен, біліктілік талаптары жоқ, күзет ретінде жұмысты жүзеге асыру үшін жас жігіттерді жинаған және еңбек шарттарын жасамаған. Заңсыз күзет қызметі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Полицияға өңірде ең көп баратын 12 ойын-сауық мекемесіне тексеру жүргізу барысында күзет қызметін жүзеге асыратын 30-ға жуық адам, оның ішінде заңсыз күзет агенттігінің ұйымдастырушылары жеткізілді. Болжам бойынша заңсыз күзет қызметінен түскен табыс ұйымдастырушыларға 200 млн теңгеден астам ақша түсті.