Павлодарда «AMANAT» партиясының брендтелген трамвайы жолға шықты

Қоғамдық көлік қаланың басты бағыттарында қызмет етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ашылу салтанатына Парламент Мәжілісінің депутаттары Сергей Пономарев, Еділ Жаңбыршин және Вера Ким қатысты.
Сергей Пономаревтің айтуынша, трамвай — бұл экологиялық таза көлік түрі, қазіргі таңда автокөліктер санының көбеюі мен қоршаған ортаның ластануы аясында бұл көлік түрі аса маңызды болып отыр. Қазір қалада 120 трамвай бар.
– Трамвай тәуліктің кез келген уақытында, қыстың қақаған аязында, ең қатты борандарда да адамдарды жұмысқа жеткізеді, бұл керемет, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев.
Мәжіліс депутаты партияның символикасы бейнеленген брендтелген №5 трамвай жай ғана визуалды элемент емес екенін атап өтті.
– «AMANAT» — бұл билік партиясы ғана емес, халықтық партия. Біз халықтың өмірі жақсырақ, жайлырақ болуы, жұмысқа жетуі жеңілдеуі үшін бар күшімізді салып жатырмыз, – деп атап өтті ол.
Бастама «AMANAT» партиясының бастапқы ұйымы аясында жүзеге асырылуда және қалалық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ экологиялық таза көлікті насихаттауға бағытталған.
Еске сала кетейік, өңірге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің мүшелері келді. Олар аймақтағы экологиялық жағдаймен танысып шықты.