Павлодарда отбасылық кабинет жұмыс істейді
Білікті психологтар әкімшілік қамауға алынған адамдарға моральдік-психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция басқармасының арнайы қабылдағышында әкімшілік тәртіпте ұсталған адамдар үшін отбасылық кабинет жұмыс істейді.
Мамандар әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін қамауға алынған адамдармен байланыс орнатады, отбасындағы проблемаларды анықтауға, туыстарымен қарым-қатынасты реттеуге көмектеседі. Күйзелісті тез және тиімді жеңілдету үшін оңтайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, медиаторлар, тәжірибелі заңгерлер мен үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылған.
– Бұл профилактикалық кабинет тұрақты негізде жұмыс істейді және әкімшілік қамауға алынған адамдардың психологиялық жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасайды, – деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Бақытжан Тұрсаринова.
Айта кетерлігі, арнайы қабылдағышта түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 314 адам бар.